[:kz]
Көпбаланың анасы Назгүл Ақтаудағы ауылдардың бірінде жүк вагонында тұрып келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tumba.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол бұл вагонда жеті баласымен бірге өмір сүреді екен. Айтуынша, оның жұбайы осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған, содан бері жесір ана жеті баласын өзі өсіріп келеді. Сөзінше, осынша балаға тамақ тауып беру, Назгүл үшін ең қиын дүниелердің бірі. Оған қайырымды жандар көмектесіп тұратын көрінеді. Бұған қоса көпбалалы әйел денсаулығына байланысты жұмыс істеуге жарамсыз.
Көпбалалы ана вагонда тұрып келе жатқанына бірнеше жыл болыпты, оның өзін қайырымды жандардың бірі сыйға тартыпты. Үй деп айтуға келмейтін бұл лашықта газ да, су да жоқ екен. Тамақ жасап, әрі отбасының паналап отырған жерін жылытуға жас кәсіпкер сыйлаған электрлі пеші пайдаланылады екен.
Сонымен қатар біраз уақыт бұрын Назгүлдің обыр дертіне шалдыққаны анықталған. Алайда байқұс ананың қабырғасын қайыстырған мәселе оның ауруы емес, балаларының лашықта тұрып жатқандығы екен.
«Егер қамқор адамдар көмектеспесе, осы уақытқа дейінгі жағдайым не болар еді», — деді Назгүл.
[:]