АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Нұр Сұлтанда ашуға булыққан әйелдер автобусты қоршап алды (видео)[:]

[:kz]

Елордада ашуға салынған әйелдер қауымы жолушы көлігін қоршап, оның жолын бөгеді. Қоғамдық транспорт Family village тұрғын үй бағытында келе жатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Нұр-Сұлтанда ашуға булыққан жұрт автобусты қоршап алды (видео)

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Кадрдан ашулы топтың №47 автобус маршрутына аялдамаға жетуге мұрша бермей жатқанын көруге болады.

Астаналықтар бұған дейінгі автобустың жолаушыларды алмай, соңғы аялдамаға тоқтамастан кетіп қалғанына шамданды. Видео JEXEN NEWS Telegram-арнасында пайда болды.

«Астана LRT» оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан басылымына баяндап берді. Белгілі болғандай, оқиға 13 қараша күні орын алыпты.

Компанияның мәліметінше, жолаушылар кетіп қалды деп наразылық білдірген автобус шын мәнінде істен шыққан екен. Атап айтқанда, транспорттың ауа жүйесімен қиындықтар туындапты.

Тұрғындар алдыңғы автобус жүргізушісінің неліктен «бетбақтықпен» кетіп қалғанын түсіндіруді талап етті. Нәтижесінде №47 автобусты тізгіндеген азаматқа аялдамаға жетпес бұрын ашуға булыққан адамдарды ішке кіргізуіне тура келді.

 

Астана LRT ұйымы видеодағы жүргізушінің бейәдеп сөздеріне де түсініктеме берді. Компания мұндай әрекетке жол беруге болмайтынын айтып, қызметкерді қайта оқытуға жібергенін алға тартты.

KAZ.NUR.KZ.

[:]