АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйелімен ажырасуын тойлаған: Оралда 60 қымбат джип көліктерін жалдап, кортеж ұйымдастырған ер азамат неліктен бұлай істегендігімен бөлісті[:]

[:kz]

Оралда 60 қымбат джип көліктерін жалдап, кортеж ұйымдастырған ер адамның не себепті олай істегені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Ер азамат осылайша өзінің әйелімен ажырасқандығын тойлаған көрінеді. Ол Аягөзден Оралға жақында көшіп келген. Бірнеше күн бұрын ғана әйелі екеуі ажырасқан соң үйлерінен сатып, түскен ақшаны бөліп алған. Артынша бұл ақшаға ер азамат 60 жуық бағалы көлікті жалдап, саунаға бармақшы болған кезінде полиция қызметкелеріне ұсталыпты. Ескере кетерлік жайт, бір көлікті жалдау үшін ол  сағатына 15-20 мың теңге төлеген.

Тәртіп сақшыларына оқиға туралы хабар облыс әкімдігінен келіп түскен. Әкімдік қызметкерлерінің сөздерінше, ер азамат мекеме маңында бұл ісімен жол кептелісін туғызған.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қараша күні Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталғаны айтылған еді.

 Stan.kz

[:]