[:kz]
Аяқ жағында «Сөзі: Болат Кенішбаев. Әні: А. Ж. Есмұханов. Орындаған: С. Салмакеев. Астана – 3.12.2012 жыл» деген анықтамасы да бар екен.
Журналист Қайнар Олжай өзінің facebook желісіндегі «Қайнар Олжайдың сабақтары» тобына «Нұрлы сұлтан – Нұрсұлтан» атты әннің мәтінін жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мына өлең-сымақтың авторын анықтап берсеңіздер, «туылған» деген сөзі үшін кім болса да достықтан шығарып жіберер едік (өзі бізбен дос болса). «Шекараны салдырмайтыны» бөлек талқылаудың тақырыбы ғой» деп жазды әріптесіміз.
Содан біз интернеттің «қойны-қонышын тінтіп» отырып, сол «ән мәтінінің» толық нұсқасын тауып алдық. zharar.com сайты жариялапты деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суретімен. Аяқ жағында «Сөзі: Болат Кенішбаев. Әні: А. Ж. Есмұханов. Орындаған: С. Салмакеев. Астана – 3.12.2012 жыл» деген анықтамасы да бар екен. Толық нұсқасы мынау:
«Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Қазақ елін басқарған,
Шекарасын салдырған,
Дербестікке бастаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Қайырмасы:
Бүкіл әлем таң қалған,
Парасатты, данышпан,
Мойындаған бар ғалам,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Жасты еңбекке баулыған,
Ақсақалын сыйлаған,
Салт-дәстүрді сақтаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Дін мен ұлтты жинаған,
Мәмілеге шақырған,
Бейбіт күнге жол салған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Қайырмасы
Ұрпақтарға балдырған,
Біліміңмен бағалан,
Өсиетін қалдырған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Қайырмасы
(бұл жерде екі рет айтылады)».
Тапқанымыз тақпақтың да талабына жауап бере алмайды. Ода дейін десек, оған да келмейді. Бұны оқыған жұрт бүгінде жағымпаздықтан алдына жан салмай тұрған «бас одашы» Балтабек Нұрғалиевпен «жылап көрісетін» шығар.
[:]