[:kz]
Қырғызстанда оқушы қыз мектептегі жемқорлық жөнінде айтып жатқанда депутаттар күліп жіберді. Осыдан кейін сөзін ары қарай жалғастыруға ниеті қайтып қалған мектеп оқушысы көзіне жас алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ vesti.kg-ға сілтеме жасап.
20 қарашада Қырғызстан жоғарғы кеңесінің депутаттары дүниежүзілік балалар күніне және бала құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясының 30 жылдығына орай мектеп оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында төменгі сынып оқушысы сөз сөйледі. Ол бір ғана медбикенің екі мыңнан астам мектеп оқушысына жалғыз қызмет көрсетіп жүргенін жеткізді.
«Ал біздің медбике балаларға екпені ақшаға салады», – деп шағымданды оқушы.
Осы сөздерден кейін бірқатар депутаттар күліп жіберді. Нәтижесінде, өзін алаңдататын өткір мәселені көтерген оқушы қыз көзіне жас алып, ары қарай сөзін жалғастырудан бас тартқан.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде директордың пара алды деп айыпталғанын хабарлағанбыз.
Ведомство мәліметінше, Теректі ауданындағы Подстепный орта мектебінің басшысы 300 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алды деп күдіктелуде.
Бұл ақшаға директор өзінен көмек сұраған адамды педагог-психолог қызметіне орналастыруға уәде берген.
[:]