АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]260 дәретхананы мектеп ішіне салу үшін 560 млн теңге керек екен[:]

[:kz]

Қазір қауіпсіздік шараларын қатаңдату шаралары жүріп жатыр. Келер жылы камералармен жабдықтауға 54 млн теңге бөлінбек.

Жамбыл облысы бойынша 442 мектептің тең жартысынан астамының әжетханасы сыртта орналасқан. Дәретханалар келесі жылдың басынан бастап мектеп ішінен салынбақ. Ал оған 600 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылады. Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков айтты, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары: 

«260 әжетхана бүгінгі таңда мектептен тыс аумақта орналасқан әжетханалар боп табылып отыр. Ауыл мектептерінде бірінші қабатта орын тапшы болған мектептерге біз енді қосымша жапсарлас нысандар салып, осы жұмыстар толық шешімін табады деп есептеп отырмыз. Бүгінгі таңда мұның құны 560 млн теңге қаржы талап етеді. Енді ары қарай қызметтен қудалау жалғаса ма, осымен тоқтай ма? Біз енді ойлаймыз осының өзі жеткілікті, бұл менің жеке пікірім». 

12 жастағы оқушы қыз мектеп әжетханасында зорланғаннан кейін аймақ атқамінерлері аяғынан тік тұрғаны рас. Тіпті, бас-аяғы 12 адам қызметімен қош айтысты. Олардың қатарында облыстық Білім басқармасының басшысы мен Тараз қаласының әкімі де бар. Ал, кеше ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшысына да сын тағып, сөгіс берді. Қазір қос мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Дәретханаға барамын деп сабақтан сұранған жеткіншекті жарты сағаттан асса да іздемеген физика-математика пәнінің мұлімі мен сол күні кезекшілікке түскен педагог тергеліп жатыр. Қазір қауіпсіздік шараларын қатаңдату шаралары жүріп жатыр. Келер жылы камералармен жабдықтауға 54 млн теңге бөлінбек. 

Еске салайық, өткен жұмада Тараздағы №6 мектептің сырттағы әжетханасында 7 сынып оқушысы 36 жасар азғынның қолынан қорлық көрген еді. Ол бұрын екі рет сотты болған. Ал зорланған оқушы ауруханада
 

[:]