АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бокстан Қытай намысын қорғаған этникалық қазақ жеңіске жетті[:]

[:kz]

Қытайдағы этникалық қазақ Бейсенбі Насиуллаұлы мексикалық Сауль Корралмен жұдырықтасып, жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

 
 
Фото: Sports.kz

Фото: Sports.kz

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатындағы Fantasy Springs кешенінде өтті.

Төрешілердің шешімімен Насиуллаұлы бірауыздан жеңіске жетті.

Бұл этникалық қазақтың АҚШ-тағы екінші кездесуі болып табылады.

Ол алғашқы жекпе-жегінде ганалық спортшы Фредрик Лаусоннан жеңіліп қалған.

Насиуллаұлы кәсіби боксты 2015 жылы бастады.

Айта кетейік, бокс кешін мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварестің жұмысымен айналысатын Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырды.

Осыған дейін этникалық қазақ жігіті Елнұр Абдураиымов Өзбекстанда бокстан ел чемпионы атанды.

Жарыс Ташкенттегі «Универсал» спорт сарайында өткен.

Республика бойынша 200-ге жуық боксшылар қолғап түйістірген жарыста жақсы нәтиже көрсетіп чемпион атанған Ташкент облысында туған боксшылар болды.

Олар қатарында Ташкент облысының Бостандық ауданында туған Елнұр Абдураиымов бар. Ол 64 келі салмақта жеңімпаз атанды.

 

[:]