АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Олимп» букмекерлік кеңсесіне ҰҚК сарбаздары басып кірді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Тергеу деректері бойынша, компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, белгілі бір табыс табумен интернет-ресурс арқылы лицензияланбаған әрекетті жүзеге асырған

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyге сілтеме жасаған skifnews.kz ақпарат порталы

Тергеу деректері бойынша, компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, белгілі бір табыс табумен интернет-ресурс арқылы лицензияланбаған әрекетті жүзеге асырған.

Тиісінше, осы салаға салық салынбаған. Қазақстан шегінен тыс ақшалай қаражатты заңсыз шығару арналары анықталып, оқшауланды. Қаржы қылмыстары саласына жататын өзге де әрекеттер тіркелуде.

2019 жылғы қарашада Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік соты «Олимп» БК сауда белгісімен «Only bet» ЖШС және «Alpha bet» ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатты. Қазіргі уақытта «Олимп» БК заңсыз әрекетінің, сондай-ақ, салық заңнамасын бұзудың нақты ауқымын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

[:]