[:kz]
Әлемдегі ең биік ғимараты – Бурдж Халифаның бетінде Қазақстанның Тәуелсіздік Күнінде Көк Тудың түсіне боялғаны жайында әлеуметтік желіде таралған еді.
Дубай қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен ерекше құттықтап, 16 желтоқсан күні әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж Халифа Қазақстан Туының түсіне боялған болатын. Алайда Дубайдағы осы іс үшін Қазақстанның 68 мың доллар төлегені туралы желі қолданушысы Бекболат Қаржан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Жыртыл қазақ, жыртыл. Жетім мен жесірдің, үйі мен күйі жоқ қандасыңның несібесін аяма. Шаша бер, оны ешкім сұрамайды.
Назарбай да шашты ғой, қалма одан. Еліңнің аты шықса болды. Қалай екені қызық емес. Аты шықса болды. Құдай сонда сені де аяп отырады. Дубайдағы мынау жыртылған тірлікке 3 минутта 68000 доллар төледік.
Елдің атын шығарды. Керемет. Негізі бұл Темірхан Медетбек ағам айтқандай, настоящий «Ауру Қазақстан» — деп жазады Бекболат Қаржан әлеуметтік желідегі парақшасында. Еске салайық, Дубайдың Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтағаны туралы жазған болатынбыз.
ERNUR.KZ
[:]