[:kz]
Қақаған қаңтар айында он жастағы Ильдар суға батқан өзінің құрдасын құтқарып қалды. Кішкентай баланың ерлігі ересектерге де үлгі боларлықтай.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ильдар суда жүзу дайындығынан қайтып келе жатқанда ол көпір астында құрдасының суға батып бара жатқанын көреді.
«Мен оған қарадым да айттым, әрі қарай барма, аяғың тайып кетсе, суға құлайсың дедім. Бірақ ол мені тыңдаған жоқ. Осылайша суға түсіп кетті. Менің ойымда оны құтқару керек деген мақсат болды. Басқа ешнәрсе ойламадым», — дейді Ильдар Бейсекеев.
Екі бала да құрдас. Суда жүзуді үйреніп жүргенінен 3 жарым жылдан асты. Алайда суға батқан Дадир суға батқан соң бұл секцияға келуден бас тартқан. Ал, Ильдар әлі де дайындалып жүр.
«Ильдар үлкендер жасай алмайтын ерлік жасады. Ересектердің өзі абдырап не істерін білмей немесе өзгелерді көмекке шақыруы мүмкін. Ал, Ильдар бірден көмекке ұмтылған», — деді бапкері Әділхан Сқақов.
Баланы құтқаруға аздаған секундтар ғана қажет еді. Оқушы уақыт жоғалтпай дереу көмекке ұмтылған.
Ильдар болашақта кәсіби спортшы болғысы келеді. Ал, қазір жай ғана өзінің досын көргісі келіп жүр.
[:]