АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ұшақ апаты кезінде жас жігіт аяғы ауыр әйелді денесімен жауып қалған

[:kz]

Оңтүстік астанадағы ұшақ апаты: желіде қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болуда. Апаттан аман қалған аяғы ауыр келіншектің туыстары оған көмектескен ержүрек жігіт жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/brutto077, ІІМ ТЖК

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/brutto077, ІІМ ТЖК

Әсем Жәпішова өзінің Facebook парақшасында сол рейспен ұшқан батыл жігіт жөнінде баяндады.

«Ел өз батырларын білуі керек», – деп жазды ол әлеуметтік желіде жариялаған постында.

Әсемге апаттан аман қалған Гүлім есімді келіншектің туыстары жүгінген. Олар Гүлімнің Алматыда апатқа ұшыраған әуе кемесінде отырғанын және жүктіліктің 5-ші айында болғанын хабарлаған.

Лайнер құлап бара жатқанда Темірлан Қадауов есімді жігіт аяғы ауыр Гүлімді өз денесімен жауып қалған. Ал ұшақ жерге құлаған соң келіншекті қауіпсіз аймаққа алып шыққан. Содан кейін қалған зардап шегушілерге көмектесуге кіріскен.

Пост авторның айтуынша, жас жігіт те төтенше жағдай кезінде жарақат алған, алайда, соған қарамастан басқа жолаушыларға көмек көрсеткен.

Гүлімнің туыстары қызды құтқарғаны үшін Темірланға және осындай ержүрек баланы өмірге әкелген ата-анасына алғыс білдірді.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Сондай-ақ Алматы әуежайы ұшақ апатының минуттық хронологиясын жариялады.

 

[:]