[:kz]
Алматыда қытай жаңа жылын тойламақ болған бір топ азамат қарсылыққа тап болды. Әлеуметтік желіде тараған видеода Қытай халық республикасының азаматтарына ұқсас жастардың айдаһар бейнесін көтеріп бара жатқаны халықтың наразылығына себеп болған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлады.
Олар студент жастарға дөрекі сөйлеп, айдаһар бейнесін құртуды талап еткен.
Видеодан екі тараптың жұдырықтаса жаздағанын көруге болады. Жаңа жыл мерекесін тойлағысы келген жастар мұндай қарсылықты күтпеген сияқты. Алайда айдаһар бейнесін ұстап тұрғандар қаттырақ айқайлап жатыр.
Қытайлар жаңа жылды 25 қаңтарда атап өтеді. Осылай екі апта тойлайды. Бұл видеоны көргендердің пікірі екіге жарылды.
Бірі қарсы болса, енді бірі өзгенің ғұрпына құрметпен қарау керек деген пікір айтады.
Саясаттанушы Әзімбай Ғали осыдан соң Қытай елі қарсылық нотасын жіберуі мүмкін деп қауіптенеді.
«Бұл саяси жағдай емес. Бұл жай ғана эмоционалдық реакция. Мұндаға құрметпен қарау керек. Ешкім дін не басқа туралы насихаттап жатқан жоқ қой», — деді ол.
[:]