[:kz]
«МузАрт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов төртінші мәрте әке атанды. Өнер иесі мен оның жары бүгін таңертең ұлды болған. Қуанышты жаңалықты әншінің өзі көпшілікке жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кенжебек Жанәбілов келіншегі босанғанын осыдан бір сағат бұрын Instagram желісінде хабарлаған.
Қуанышы қойнына сыймаған өнер иесі ұлды болғанымен бірден желі қолданушылармен бөлісіп, олардан сүйінші сұрады.
«Сүйінші ағайын! Жұма күні ұл сыйлағаныңа сансыз шүкір Раббым! Алладан басқа жоқ тәңір! Төреш сен ұсынған челледждің аяғы осындай болды» , — деп жазды «МузАрт» тобының әншісі.
Желідегілер ерлі-зайыптыларды құттықтап, оларға деген ақ тілектерін жаудырды.
Айта кету керек, жаңадан туған сәби Жанәбілов отбасындағы екінші ұл болмақ. Эстрада жұлдызы мен жары одан басқа бір ұл мен екі егіз қызды тәрбиелеп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтың жанұясымен бірге Еуропаны қалай аралап жүргенін жазған болатынбыз. Жұлдызды жанұя Швейцария, Франция және Италияда болып қайтты.
Оған қоса, әнші сүйікті жарының туған күнінде оның құшағынраушан гүлдерге толтырып, көпшілікті тәнті еткен еді. Ол жұбайына арнап кеш ұйымдастырып, оны ерекше құттықтады.
[:]