АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Біз кешірмейміз!»: Талғар ауданының жігіттері Қордай қазақтарын қолдап, үндеу жариялады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Бүгін қазақтың намысын қорғаған жігіттердің сотталмауын талап етеміз!

Алматы облысы Талғар ауданының рухты жігіттері Қордайдағы оқиғаға қатысты Қазақ еліне үндеу жасады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дүңген мен қазақ арасындағы жанжал ұлтараздық текетіреске ұласып, қазақ жігіттерінің намысын оятқаны рас. Бұл оқиға тек жалғыз аймақтық мәселе емес, жүрегі «қазақ» деп соққан әр адамға қатысты. 

Қазақтың намысын ту еткен талғарлық азаматтар Қордайдағы бауырларын қорғау мақсатында арнайы челлендж бастаған сыңайлы.

Видео оүндеуді Qazaq Arystan есімді азамат Facebook-парақшасына жүктеген.

«Жамбыл облысы Қордай ауданында өзге ұлт диаспорасының қазақтың намысын аяққа таптауы, қартымызды қорлап, баламызды жәбірлеуі біздің намысымызға тиіп отыр. Қазақ ешқашан өз баласын, қариясын, әйелін ешкімге жәбірлетпеген. Біз өзге ұлт өкілдеріне ескертеміз. Қазақтың суын ішіп, қазанына түкіргенін біз кешірмейміз! Ертең бүгін қазақтың намысын қорғаған жігіттердің сотталмауын талап етеміз! Біз қазақтың намысын таптатпаймыз!», — деді олар үн қосып.

Видеоны көрген желі қолданушылары жігіттердің ЕРМІНЕЗДІЛІГІНЕ тамсанып, қолдау көрсетіп жатыр.

«Жаңаөзен қолдайды», «Аналық тағзым сіздерге», «Жарайсыңдар! Осындай жігерлі де айбатты болыңдар! Жер мен ел иесі сендер, жастар!», — деп жігер сыйлады олар.

Айта кетсек, бүгін Қордай ауданында тұратын дүңген ұлтының өкілдері «80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматура және балғамен ұрып жаралағаны» туралыжазған болатынбыз. Үлкен қақтығысқа осы оқиға басты себеп сияқты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жайтты бұзақылық деп есептеді. Оған қоса, полицияның жағдайды реттеп, бақылауға алғанын мәлімдеді.

 

[:]