[:kz]
Өз ұлтына деген жеккөрінішін ызалы кейіпте жеткізетін «интернационалист», сондай эмоциямен бар жаман сөзді қазаққа қарсы бағыттап алып барып, негізгі ойын айтты.
Өзін «Интернационалистер» қоғамдық ұйымының төрағасы атап жүрген Бақытжан Көпбаев деген біреу Youtube арнасы арқылы шымкенттіктерге видеоүндеу жолдады. Бұл ретте, ол жерлестеріне Қордайдағы қақтығыстан кейін Қырғызстанға бассауғалап барған көптеген отбасын өз шаңырақтарына қабылдауға шақырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Бақытжан Көпбаев пен ол басқаратын ұйымның Қарағанды облыстық филиал төрағасы Анна Невская Ресей телеарналарының біріндегі «На самом деле» бағдарламасына сұхбат бергенін жазған болатынбыз. Сонда екеуі «Қазақстанда фашизм бой көтерді, қазақ ұлтшылдығы оба тәрізді тарауда!» – деп «шырылдаған» еді. Ал өздерін қазақ фашистеріне қарсы күресіп жүрген антифашист қаһармандар деп сезінеді екен.
Сондай-ақ, Бақытжан Көпбаев әлеуметтік желі арқылы жасаған тағы бір бейнемәлімдемесінде жұртшылықты Павлодар қаласының атауын қорғауға шақырған болатын. Енді міне, бұл жолы да ол Қордайдағы жағдайға қазақ азаматтарын ғана кінәлап, әдеттегідей «вандализм», «хайуандар», «ұлтшыл», «фашист», «радикал», «шибөрілер» деген сияқты сөздерін аямай үйіп-төгіп отыр.
Ана тілін білмейтіндігінен көрген құқайы бар ма, әйтеуір, өз ұлтына деген жеккөрінішін ызалы кейіпте жеткізетін «интернационалист», сондай эмоциямен бар жаман сөзді қазаққа қарсы бағыттап алып барып, негізгі ойын айтты. Сондағы жинап отырғаны – Алатау асқан жерлестерді Жамбыл облысының билігі мен бұқарасы қайта қабылдай алмаса, Шымкент төңірегіне қоныстандырайық деген арзан ұпай.
[:]