АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қордайдағы жанжал кезінде екі бірдей дүкені өртенген тұрғын сұхбат берді[:]

[:kz]

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жанжал кезінде Рамазан есімді дүнген азаматының екі бірдей дүкені өртеніп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қордайдағы жанжал кезінде дүкені өртенген ер адам сұхбат берді

Рамазан. Фото: baq.kz

Рамазан осы оқиғадан кейін көршілес Қырғызстанға кетіп қалмақшы болыпты. Алайда ол қайтып келіп, бүгінде оның отбасы мешітте тұрып жатқан көрінеді.

«Өзім осы Масанчиде туып өскенмін. Оқиға болған күннің ертеңінде Қырғызстанның шекарадағы Тоқмақ қаласына бармақшы болғанбыз. Бірақ қайтып алып келді. Қазіргі кезде отбасым мешітте тұрып жатыр. 35 жастамын. Жиеніме осы төбелесте оқ тиген. Қайтыс болды», – дейді Рамазан.

Ер адамның айтуынша, Масанчи ауылында екі дүкені болған. Жанжал кезінде сауда орны өртке оранған.

«Жұма күні кешкі сағат 19:30 кезінде дүкенім өртенді. Олар тас лақтырды. Сосын жауып тастағанмын. Сосын өздері ашып, ішіндегі тауарларды алып кетті. Енді мемлекет қолдау көрсетсе жақсы болар еді», – дейді ол.

Еске сала кетсек, Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам мерт болды.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ұсталғандардың нақты саны белгісіз.

[:]