[:kz]
Танымал эстрада әншісі, композитор Нұрлан Еспанов көлік іш інде «коронавирус жоқ» деп видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.
Мәулен (қасында отырған серігі) екеуміз қалаға шықтық. Қалада әдеттегідей кептеліс. Кеше өзім шетелде болып келдім ғой. Көрдім. Бір маска киіп жүрген адам жоқ. Ол негізі өтірік. Шли (оңтүстік жақта қолданылатын диалект сөз) олай эмоцияға беріліп, қаладан шығып, ойбай-ау қашып, азық-түліктің бәрін алудың қажеті жоқ. Ұнға коронавирус тимейді ғой, — дейді ол көліктің ішінде Іnstagram парақшасына арнап түсірген видеосында.
Оның айтуынша, коронавирус азық-түлікке тимейді екен.
Тірі нәрсеге тиетін дүние ғой. Былайша негізі коронавирус деген нәрсе жоқ. Қазір ғана Стамбұлдан әріптестерім хабарласты, Мысырда бейнебаян түсіріп жүрген балалар хабарласты, ол жақта да ештеңе жоқ. Уайымдамаңыздар, аман болайық, бұл күн де өтеді де кетеді. Коронавирус — бұл қолдан жасалған дүние, — дейді әнші.
Оның осы видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады.
[:]