АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]1 млн теңгеге дейінгі табысы барлар да 42500 теңге алу үшін өтініш берген[:]

[:kz]

Бірақ ақпараттық жүйелерден қарасақ, қаңтар, ақпан, наурыз айларында орта есеппен 500 мыңнан бір миллионға дейін табысы бар азаматтар. 16 наурызда олардың ақшасы қалмай қалыпты

.

500 мыңнан бір миллионға дейін табысы бар азаматтар 42500 теңге алу үшін өтініш берген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Өтініш берген кезде порталдың астыңғы жағында «Мен жұмыс істеп жүріп, төтенше жағдайға қатысты табысымнан айырылғанымды растаймын және өзіме жауапкершілікті аламын» деген сөз бар. Сіз ол жолдарды оқыдыңыз, ал біз сізге сендік дегенді білдіреді. Мұны не үшін айтып отырмыз? Бұл төлемді соған мұқтаж адамдар алса деген ниетіміз бар, — дейді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, алғашқы күндері әлеуметтік төлем алуға 412 мың адамнан өтініш түскен. 

«Біз тексеріс жасап көрдік. Соның ішінде 1873 адам «табысымнан айырылдым, қазір ақшам жоқ деп» өтініш берген. Бірақ ақпараттық жүйелерден қарасақ, қаңтар, ақпан, наурыз айларында орта есеппен 500 мыңнан бір миллионға дейін табысы бар азаматтар. 16 наурызда олардың ақшасы қалмай қалыпты. Бұл енді дұрыс емес шығар. Біз сіздерден кешірім сұраймыз. Уақыт бөліп, сайтқа кіріп, өтініш жасадыңыздар. Алайда сіздерге 42 500 теңге әлі төленбейді», — дейді министр.

Ол сонымен қатар, 42 500 теңге алу үшін жеке кәсіпкерлік ашып қойған, жұмысы бар азаматтар да бар екенін айтты.

«Олар қазір жұмыс істеп жатыр және жалақысын да алып жүр. Бірақ жеке кәсіпкерлік арқылы аталған төлемді алғысы келеді. Бұлай ету – дұрыс емес. Олардың жалақы алып жатқаны туралы мәлімет біздің ақпараттық жүйеде бар. Ондай өтініштер қабылданбайды және мұндай әрекетке бармағандарыңыз дұрыс», — дейді Біржан Нұрымбетов.

Айта кетейік, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені аудару үшін есепшоты жоқ азаматтарға банктен шот ашуға бір ай уақыт берілетінін айтты.

[:]