АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда коронавирустың 37 ошағы бар[:]

[:kz]

Қала әкімдігі аурудың қай аудандардан тарағанын айтып берді

Алматыда бүгінгі күнге дейін коронавирустың 37 ошағы анықталған. 2 мекен-жай бойынша шектеу шаралары алынып тасталды деп хабарлады қала әкімдігі жанынан құрылған Жедел штаб өкілдері.

Атап айтқанда, Жетісу-2 ш/а 70а үй, Жас Қанат ш/а 1/53 үйден карантиндік шаралар алынып тасталды. Бұған дейін аталған үйлерде коронавирус жұқтырған адамдар тұрып келген болатын. Қазір олар ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал, үйлердің подъездері инкубациялық кезең аяқталғанға дейін жабылған еді. осылайша, Алматыда 18 үйден карантиндік шектеулер алынды.

Бұдан бөлек тағы 37 мекен-жай бойынша коронавирустың ошақтары бар.

Әуезов ауданында 7 ошақ: Мамыр-4 ш/а 54, 296, 313; 6-шағынаудан 35; 1-шағынаудан 28; Афцинао 4; Ақсай-1 ш/а 24.

Алатау ауданында 5 ошақ: Ақбұлақ ш/а, 9; Жасыл желек 13; Тойшыбек Батыр 121; Жанқожа батыр 190; Рахымов 123.

Алмалы ауданында 6 ошақ: Байзақов 190, 232, 263; Панфилов 85; Досмұхамедов 8, 13.

Медеу ауданында 4 ошақ: Қонаев 62; Самал-3 ш/а 25; Достық 116, 493.

Жетісу ауданында 4 ошақ: Волочаевский 51; Помяловский 25; Құлагер ш/а 45; Борзов 85.

Түрксіб ауданында 3 ошақ: Жұлдыз-2 ш/а 45; Жұлдыз-1 ш/а 13; Тоқай 25.

Бостандық ауданында 7 ошақ: Навои 328, 310; Клочкова 117; Орбита-1 ш/а27; Байзақов 299а; Тимирязев 42, Орбита-4 ш/а 33.

Наурызбай ауданында 1 ошақ: Береке-1 көшесі 97 үй.

Еске салайық, Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылған. Қалада коронавирус жұқтырғандар саны 120 адамға жетт

[:]