[:kz]
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жыр болған 42500 теңгеге қатысты барлық сұрақтарға жауап берді. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Карантин уақытында жұмыссыз қалған азаматтарған берілетін 42 500 теңге төлемақы туралы көптеген сұрақтарға еңбек министрі жауап берді.
Ең алдымен 42500 теңгенің өзі туралы:
42500 теңге бір рет тағайындалады және ай сайын төленеді. Мысалы, ТЖ режимі тағы бір айға ұзартылды, демек, кімге 42500 теңге тағайындалды, олар оны 15 сәуірден кейін де алуды жалғастырады. Бұл ретте қайтадан өтініш беруге қажет емес. Біз уақытты және төлемдерді автоматты түрде ұзартамыз.
Осы төлем ай сайын төленеді толық мөлшерде төленеді. Яғни, қалған күндері ғана есептелмейді. Мысалы, төлемақы 14 сәуірде тағайындалған болса (яғни ТЖ бірінші айының аяқталуына бір күн қалғанда), онда ол толық мөлшерде 42500 теңге сомасында төленеді.
42500 теңгеден жеке табыс салығы , міндетті зейнетақы жарналары және басқа да аударымдар алынбайды. Сондай-ақ банктер мен ұйымдарға осы сомадан борыштарды (несиелер, коммуналдық төлемдер және т.б. үшін) өндіріп алуға тыйым салынады.
42500 теңгеден зейнетақыққорына ақша аударылмаса да, жұмыс тәжірибесі ретінде есептеледі, ал кірістер осы айларда өтініш беруші мүмкін деген кез-келген ыңғайлы айға есептеледі.
42500 теңгелік төлемақы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде табыс құрамында есепке алынбайды.
Зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар бойынша.
Зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақылар ай сайын төленеді. Және одан әрі толық көлемде, 1 сәуірден бастап мөлшерлерді индекстеумен төленетін болады. Елімізде жылына 3,5 триллион теңге сомасына 4 млн. астам адам зейнетақы мен жәрдемақы алады. Сондықтан жұмысынан айрылған жағдайда төленетін 42500 теңге осы санатта қарастырылмаған.
Егер зейнеткер ТЖ жарияланға ДЕЙІН мүгедектігі бар және басқа да мемлекеттік жәрдемақы алатын болса, және 16 наурызына дейін ресми түрде жұмыс істесе (жалдамалы қызметкер, КӘСІПКЕР, немесе төлеуші ЕСП), онда ол кісі ТЖ енгізілуіне байланысты жұмыссыз қалған болса ғана 42500 теңге алады.
Ал егер зейнеткер немесе мемлекеттік жәрдемақы алушы ТЖ дейін жұмыс істемесе, онда ТЖ жарияланғаннан кейін, яғни 16 наурыздан кейін, оларға 42500 теңге тағайындалмйды. Сондықтан өтініш беруге болмайды.
Заңгерлер бізге зейнеткерлер ТЖ жарияланғанға дейін ресми жұмыс істее заң бойынша 42500 теңге ала алмайтынын бізге ескертуде.
Біз оны білеміз.
Енді әңгіменің тоқ етерін айтайын. Төлемақы алу үшін төленетін 2651 теңге төрт бағытта: бюджетке, әлеуметтік аударымдарға, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары және МӘСҚ-дағы медициналық сақтандыруға бөлінеді
Және де заң бойынша зейнеткерлер әлеуметтік аударымдардан босатылады онда барлық САЛЫҚ бюджетке аударылады.
Бірақ зейнеткерлердің 42500 теңге алу үшін төленетін салықты оның ТЖ дейін жұмыс істегенінің дәлелдемесі ретінде қарастырамыз. Басқа да төлемдер бойынша және басқа да мемлекеттік жәрдемақы алушыларға ұқсас.
Студенттер бойынша
42 500 теңге тағайындау үшін «студенттер» санаты жоқ. Олар кәмілетке толған азаматтар. Оларға сабақтан тыс уақытта жұмыс істеуге тыйым салынбайды. Көптеген студенттер сабақпен қатар жұмыс та жасайды. Көбісі бейресми жұмыс істейді. Сондықтан, егер олар төтенше жағдайдың туындауына байланысты жұмыстарынан және кірістерінен айырылса, олар жәрдемақы алуға құқылы, олар өтініштерді толтыру кезінде өздерінің қазіргі жағдайларына басланысты арнайы бөлімді белгілеп, осы ақпараттың дұрыстығына жауап беру керек.
Мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін.
Төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметі шектелмейді. Жұмысшылардың көпшілігі қашықтан жұмыс істейді, ал демалыссыз жалақыға кейбір мемлекеттік қызметкерлер олардың сұранысы бойынша ғана жіберілді.
Мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға заңмен тыйым салынады (бұл үшін жауапкершілік қарастырылған), осыған байланысты олар бір жолғы төлем
төлеу арқылы 42 500 теңге алуға тырыспауы керек. Өкінішке орай, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ондаған мың қызметкерлері өтініш беру арқылы 42 500 теңгені алуға тырысқан. Алайда олардың өтінімдері қабылданбады. Мұны ұлттық компаниялар да ұстануы керек.
Бірыңғай төлем бойынша.
Бейресми жұмыс істеген және төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған азаматтар бірыңғай төлемді бір рет төлесе, 42 500 теңге ала алады. Сонымен бірге, егер сіз төтенше жағдайға байланысты кірісті жоғалтқаныңызды растасаңыз, алдымен бірыңғай төлем төлеуіңіз керек, содан кейін келесі күні өтініш беріңіз.
Егер сіз керісінше жасасаңыз, онда өтінімді алған кезде біз сіздің бірыңғай төлем түбіртегіңізді көре алмаймыз және өтінім талаптарға сай емес деп саналуы мүмкін.
Жақында YouTube-те белгісіз адам бейресми түрде жұмыс істейтін азаматтарға бірыңғай төлем бір рет төлеу жеткіліксіз деп сендірді, және оны әр ай сайын төлеу керектігін айтты. Егер сіз ай сайын төлемейтін болсаңыз, онда сізден қарыздар мен проценттер есептеледі деді ер адам.
Бұл жалған ақпарат. 42 500 теңге алу үшін арнайы тәртіп бар және бірыңғай төлемді бір рет төлеу жеткілікті және одан кейін ешкім ай сайынғы төлем талап етпейді. Белгіленген 42 500 теңге төтенше жағдай кезінде ай сайын төленеді.
[:]