АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ким Чен Ынның брондалған пойызында пәк қыздармен болғаны белгілі болды[:]

[:kz]

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын өзінің брондалған пойызымен сапар барысында неше түрлі тәртіпсіздіктер жасағаны белгілі болды. Бұл туралы The Sun хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысының бронды поезы 20 вагоннан тұрады және жылдамдығы сағатына 60 шақырымға жетеді. Әдетте, оның алдынан күзетшілері бар пойыз жіберіліп, темір жолдар мен бекеттердің қауіпсіздігін тексереді, одан кейін Ким Чен Ынның жеке құрамы мен жабдықтары бар пойыз жүреді. Сондай-ақ, бронды пойыз оның жеке брондалған Mercedes көлігін және жылжымалы дәретхананы жүргізетіні белгілі.

 

Ішінде былғары дивандары бар демалыс бөлмесі, заманауи конференц-зал, спутниктік теледидармен жабдықталған кеңсе және тағамдар мен сусындарға толы мейрамхана бар — атап айтқанда онда швейцар ірімшігі, Hennessy коньягы және Cristal шампаны міндетті түрде болуы керек. Сонымен қатар, жолда «ләззат бригадасы» деп аталатын, осы жұмысқа арнайы таңдалған гидтер Солтүстік Корея басшысын ертіп жүреді. The Sun басылымының хабарлауынша, Ким Чен Ын 2015 жылы осындай команда құруға шешім қабылдады. Оған тек бойшаң және әдемі кәріс қыздары ғана кіре алады және ең басты шарт, олар пәк болуы керек.

Бұған дейін Солтүстік Кореядағы курорттық қаланың жанында Ким Чен Ынға тиесілі пойыз байқалды деп хабарланған болатын. 21 сәуірден бастап пойыз Солтүстік Корея басшысының жеке медициналық қондырғысы бар жағажай вилла орналасқан Вонсан жағажай курортының жанындағы теміржол вокзалында тұрғандығы айтылды.

 

[:]