АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде ТЖ режимінің 24 шілдеге дейін созылғаны туралы хабар тарап кетті [:]

[:kz]

Желіде ТЖ режимінің 24 шілдеге дейін созылғаны туралы хабар тарап ...

Қазақстандықтар мессенджердерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ТЖ режимінің 24 шілдеге дейін созылғаны туралы жалған бейнеролик таратуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Коллаж: NUR.KZ. Кадр «Хабар 24» видеосынан және фото: NUR.KZ Желі қолданушылары бір-бірлеріне «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар бағдарламасынан алынған үзіндіні таратуда.

Белгілі болғандай, аталған сюжетте расымен де ТЖ режимінің созылғаны туралы баяндалған

. Алайда, мәселе Қазақстан туралы емес, Франция жайында болыпты. Аталған үзіндінің әдейі кесіліп алынғаны хабарланды. Қазақстандықтар еуропалық мемлекетте қабыданған шараның елімізге қатысы бар деп ойлаған.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында көрінеу жалған ақпарат таратқан үшін жауапкершілік қарастырылған. Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Францияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 169 мыңға жуық оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш бойынша француздар бесінші орында тұр. Ал қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 25 мыңға жуықтаған.

Сондай-ақ 50 мыңнан астам Франция азаматы аурудан емделіп шықты. Еске сала кетсек, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3964 адамға жетті. Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Источник: NUR.KZ

 

 

[:]