[:kz]
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенеуніктердің әскери мәртебелерін арттырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысы қол қойған «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы» жарлыққа сәйкес:
Генерал-лейтенант әскери атағы Бектанов Мұрат Кәрібайұлына, Дәндібаев Тимур Тұрарұлына, Ділманов Дархан Айтқалиұлына, Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлына, Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлына тағайындалса, әділет генерал-лейтенанты әскери атағы Сартаев Дастан Шаймерденұлына берілді.
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлына ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағын, Асылов Берік Ноғайұлына 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шенін иеленді
Сондай-ақ:
Генерал-майор әскери атағы: Жазин Серік Кенжетайұлына, Жоламанов Асқар Ахметұлына, Жүсіпов Асан Қуанышұлына, Ильин Юрий Викторовичке;
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Әмірханов Асқар Баймерденұлына, Қадырбеков Жанқозы Зекенұлына, Манжуов Нұрғанат Нұрбапаұлына;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына;
Полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Жұмаханбетов Ералы Мұсалиұлына, Калайчиди Алексей Дмитриевичке, Сәденов Ержан Сапарбекұлына, Таймерденов Қанат Даниярұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлына, Сүлейменов Тимур Қайырбекұлына;
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы: Бектенов Олжас Абайұлына, Қабдула Шыңғыс Қайыпұлына берілді.
[:]