АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жүз мыңнан аса ақшам күйіп кетті»: Әншілерден алданған электриктің жанайқайы [:]

[:kz]

Ернар Айдар. Фото: Newtimes.kz, Айнұр Тұрсынбаева. Фото: Nege.kz, Нұрлан Еспанов. Фото: Gakku.kz

Ернар Айдардың қатысуымен өткен лотерея ойынынан кейін әншілерден алданған халық жапа-тармағай көмек сұрай бастады. Олардың көпшілігі ірі көлемде ақша салып, жұлдыздар уәде еткен пәтер мен басқа да құнды сыйлықтарды ұтып алғысы келген. Алайда, лотерея ұйымдастырушылардың алаяқтыққа қатысы бары анықталған соң алданған халық әншілерге сенбеуге шақырды. Солардың бірі – Бақытжан Нұрлыбаев. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ол талай рет аузы күйгенін айтады. 

Бақытжан – қарапайым электрик. Instagram желісі арқылы ол бірнеше рет танымал әншілер ұйымдастырған лотереяға қатысып, еш нәрсе ұтып көрмеген. «Бүгінге дейін 110 мың теңгемді лотереяға сарп етіппін. Ернар Айдар, Айнұр Тұрсынбаева, Нұрлан Еспанов, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа ұйымдастырған ұтыс ойындарына қатысып, түк те ұтқан жоқпын. Негізі, билет алған сайын бірнәрсе бұйырып қалатын шығар деген үміт басым болатын. Бірақ жеңімпазды анықтайтын кезде үнемі күдіктенемін. Әншілер кімге не беретінін алдын ала дайындайтын сияқты. Мүмкін, таныстарына беретін шығар», — дейді ол. Электриктің айтуынша, жағдайы төмен халық әншілердің бақуатты өміріне қызығып, тезірек байығысы келгендіктен осындай қадамға барады.

«Әншілер де ақымақ емес. Олар лотерея ұйымдастырушылардан миллиондаған ақша алады. Халықтың жағдайы төмен екенін, оңай дүниеге тез алданатынын біледі. Сол себепті, өз қалталарын одан сайын қампайтуды көздейді. Бірнеше рет опық жеген адам ретінде баршаңызды әншілерге, олар ұйымдастыратын лотереяға сенбеуге шақырамын. Одан да сол қаржыны отбасыңызға жұмсаңыз. Әншілердің жағдайы онсыз да жақсы», — дейді ол.

https://kaz.nur.kz/1854788-zz-mynan-asa-aksam-kjip-ketti-nsilerden-aldangan-elektrikti-zanajkajy.html

[:]