АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бір ай бойы тегін ән айтқызбақ болған»: Гауһар Әлімбекованың адвокаты мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

Бизнесмен Серік Мәмреев әлеуметтік желі арқылы танымал әнші Гауһар Әлімбековадан 2 млн теңге көлеміндегі қарыз ақшасын қайтара алмай жүргенін айтып, жазба қалдырды. Аталған пост желіде қызу талқыланып, отандық БАҚ беттеріне жарияланған болатын. Осыдан соң, әнші Гауһар Әлімбекованың адвокаты Бағдагүл Әжіғалиева KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарласып, істің ақ-қарасын түсіндірді. 

«Бизнесмен Серәк Мәмреев мырза бұл туралы заң орындарына жүгінбей, бірден әлеуметтік желіні пайдаланып отыр. Ал халық желідегі жағдайдың бәріне дерлік сене береді. Осы жағдайға қатысты Гауһар Әлімбекова менен кеңес сұраған болатын. Оқиғаның қалай өрбігенін Instagram-дағы парақшама қалдырдым. Ал қысқаша айтар болсам, Гауһарға концерт өткізу туралы идеяны айтып, соңынан қалмай қойған Серіктің өзі. 2019 жылдың наурыз айынан бастап ол еліміздің батыс өңірінде әншінің төрт концертін өткізбек болып, әр концерт құны 1 млн теңге болатынын айтады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мен Инстаграмда отырмаймын, ештеңе жазған да емеспін, өйткені басқа әлеуметтік желіні пайдаланамын, бірақ бір адамның жазған «хикаясы» және оны БАҚ-да орналастыруы адвокат және сенімді өкіл ретіндегі көзқарасымды осында жариялауыма мәжбүр етті. 27.05.2020 ж. @serik_serik_1983 былтыр тамыз айында белгілі әнші Гауһар Әлімбековамен @gauhar_alimbekova_official телефон арқылы сөйлесіп, оның жеке концертін ұйымдастыруға 4 млн. теңгеге келіскенін жазыпты. 2019 ж. қыркүйегінде Алматыға келген ол келісілген соманың жартысын – 2 млн теңгені әншіге беріп, концерт дайындығына кірісіп кеткен. Ақырында «билеттерді өткізе алмаған» соң, «залдың 99,9%-ы бос» қалғандықтан концертті болдырмай, Г.Әлімбековадан гонорарды қайтарып беруін сұраған, ал әнші ақшаны қайтарудан бас тартып, телефонын өшіріп, қара тізімге енгізіп қойған. Осыған орай ол «Инстаграм арқылы жазуға мәжбүр болған». Оның жазғанының қысқаша мазмұны осы. Ал мен істің шын мәнінде қалай болғанын түсіндіргім келеді, өйткені әлгі жазба астындағы тапсырыспен жазылғанға ұқсайтын ызалы пікірлер ел сүйіп тыңдайтын әншіні жазықсыз жазғырып жатыр. Оның үстіне, жазба авторы өзі үшін аса тиімсіз болғандықтан, біраз маңызды жайттарды жасырып қалған. Серік 2019 жылғы наурыз айынан бастап Г.Әлімбековаға хабарласып, Қазақстанның батыс өңірлерінде жеке концертін ұйымдастыруға рұқсат сұраған. Әнші концерт өткізуге әзір емес екенін, сотқа байланысты дау-дамайдан әбден шаршағанын, депрессияда жүргенін айтып, ұсыныстан бас тартқан. Бірақ Серік қайта-қайта қоңырау шалып, басқаның емес, Гауһардың ғана концертін өткізгісі келетінін айта берген. Ұзақ келіссөздерден соң әнші ақыры мәмілеге келген. Екі жақ концерт уақытын 2019 жылдың 4-7 қазаны деп белгілеп, бір концерт үшін гонорар ретінде 1 млн теңге деп келіскен. Г.Әлімбекованың дәл осы күндерге алдын ала белгіленіп қойған жеке және шығармашылық жоспарларын өзгертуіне тура келген. Оның ішінде Шымкенттегі билеттерінің 60-70 пайызы сатылып қойған концерт (ақшаларын қайтаруға тура келді), екі үйлену тойы – бәрінен бас тартуға мәжбүр болған. (Жалғасы⬇️⬇️⬇️)

Публикация от Bagda_advokat (@bagdaajigalieva)

Сол кезде дау-дамайдан шаршаған Гауһар концерт беруге дайын еместігін айтып, бас тартқан. Бірақ Серік мырза бірнеше рет қоңырау шалған соң, Гауһар Шымкенттегі концерті мен өзі келісім беріп қойған екі тойдан бас тартып, Серіктің ұсынысын қабыл алады. Шымқаладағы концерт билеттерінің 60-70 пайызы сатылып қойса да, Әлімбекова билеттерді қайтарып, елдің батысындағы концертке келіседі.

2019 жылдың қыркүйегінде Серік Алматыға келіп, алдағы концерт гонорарының жартысын – 2 млн теңгені Гауһарға беріп кетеді. Әлімбекованың концерті 2019 жылдың 4-7 қазаны аралығында өтуі тиіс еді.

Алайда, концерт басталуға үш күн қалғанда Мәміреев ұйымдастырушы жігіттің бауыры қайтыс болғанын айтып, концерттің көктемге қалғанын жеткізеді. Ал төленген ақшаға әншінің қыста Атырауға барып, тойға қатысып кетуін өтінген. Гауһар қазан айында ағасы көз жұмғанына қарамастан, Серіктің өтінішін орындайды. Содан соң бизнесмен Мәміреев мүлде хабарсыз кетеді де, 2020 жылдың сәуірінде байланысқа шығады.

Оның талабы тіптен шектен шыққаны белгілі. Ол әлгі 2 миллион теңгенің өтеуі ретінде Гауһар Әлімбековадан бір ай бойы өзінің Атыраудағы ресторанында тегін ән шырқауын талап еткен. 29 маусым мен 29 шілде аралығында тойханада ән шырқайтындай Гауһар өнерге енді келген жас әнші емес. Сондай-ақ, пәтерді де Гауһар өзі жалдап тұруы тиіс екен. Әрине, Әлімбекова мұндайға келіспейді. Концерт өткізу мен тойда ән айту екі бөлек нәрсе. Мен мамыр айында әр әншінің өз шарты болатынын, ақшаны бұлай өтеу мүмкін еместігін Серікке де, заңгеріне де түсіндірдім.

Бірақ олар айғайға басумен болды. Концертті ұйымдастыру туралы бастаманы көтерген Серіктің өзі. Мұны азаматтық ортада кәсіпкерлік тәуекел деп атайды. Концерт ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті, келісімшартты талап етеді. Алайда, мұның бірі болмаған. Әнші ауызша келісім берсе де, оны орындауға дайын еді. Бірақ хабарласпай кеткен Серіктің өзі», — дейді адвокат. Еске сала кетейік, бұған дейін Гаухар Әлімбекованың белгілі кәсіпкерге екі миллион теңгесін қайтармай қойғаны жайлы жазған болатынбыз. Ол танымал әншіге сенгендіктен келісімшартқа отырмағанын айтты. Серік Мәмреев өнер иесінен ешқандай жала жауып отырмағанын келтіріп, қомақты қаржыны берген уақытты жанында куәгерлер болғанын жеткізді. 

https://kaz.nur.kz/1858168-bir-aj-bojy-tegin-n-ajtkyzbak-bolgan-gauar-limbekovany-advokaty-mlimdeme-zasady.html

[:]