[:kz]
19 жастағы блогер көрермендерді тағы да таңғалдырды. Бұл жолы ол іш киіммен жүріп бауырсақ пісірді. Заңгер Айгүл Орынбек Нарчаеваны жазалауды сұрайды.
Жақында инста-дива өзінің жанкүйерлері үшін тағы бір арандатушы ролик түсірді. Инстаграмда іш киіммен жүрген Шырын тек алжапқыш тағып, бауырсақ пісірген видеосын жариялады. Видео тез арада көптің назарын аударды. Егер кейбіреулер оның формасына сүйсінсе, басқалары бірден Нарчаеваны сына бастады. Шымкенттегі танымал блогер, заңгер және Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек тұтастай алғанда қыздың жауапқа тартылуын талап етті.
«Нанды, сәукеле мен ұлттық валютаны қорлаған бұл қызға, тіпті төтенше жағдай кезінде де қылмыстық іс қозғау керек. Ол сәукеле киіп жалаңаштанғанла, теңгені қорлағанда үндеген жоқпыз, енді ол жалаңаштанып бауырсақпен видео түсірді! Бұл бүкіл халықты қорлау.
Бұл арнайы түсірілген бейнероликтер, ол ұлттық құндылықтарды қорлауға әдейі дайындалып, әлеуметтік желілерде ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, араздықты қоздыру және арандату мақсатында жасап отыр.
Мен Бас прокуратураға Шырынның әрекетін тексеріп, оны Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жазалауды сұраймын! Біз ұлтқа тіл тигізуді тоқтатуымыз керек!», — деді заңгер өзінің Facebook парақшасында.
Осындай сындар мен толқулардан кейін Шырын қорқып кетсе керек видеоны өз парақшасынан алып тастады. Алайда видео интернетті шарлап, басқа парақшаларда жарияланып жатыр.
[:]