АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен безбүйрек ана іздестірілуде [:]

[:kz]

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестесін тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

7 маусым күні сағат 10:00 шамасында Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан Ақсукент ауылының көшелерінің бірінде сүлгіге оралған нәресте жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Сайрам АПБ бастығы бастаған жедел тергеу тобы шықты.

Тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға келіп, сүлгіге оралған, туылғанына 4-5 сағат болған, бойы шамамен 50 см болатын шақалақты тапқан.

Тез арада нәрестені аудандық орталық ауруханаға жеткізген, қазір баланың жағдайы жақсы. Аталған дерек Сайрам аудандық полиция басқармасына қылмыстық кодекстің 119-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қажетті шараларды жүргізіп, сәбидің анасын анықтады.

Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Дәрігердің анықтамасына сәйкес, жаңа туған қыздың салмағы – 2,75 келі, бойы – 52 см, туылғанына 4-5 сағат болған. Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында зираттан нәрестенің денесі табылғанын хабарлағанбыз

больше: https://kaz.nur.kz/1859240-zaa-tugan-nresteni-ksege-tastap-ketken-bezbjrek-ana-izdestirilude.html

[:]