[:kz]
Тележүргізуші Мақсат Толықбай коронавирус толқынының енді күшейгенін айтты. Науқастардың тек үйде емделетінін айтты деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы тележүргізуші желідегі парақшасында айтты.
Мақсат Толықбайдың айтуынша, қазір жағдай ушығып тұр. Ауруханада науқастарды жатқызатын орын жоқ. Әркім өз үйіне емделуге мәжбүр.
«Қайырлы кеш, достар! Бұған дейін қалай болғанын білмеймін. Қазір жағдай ушығып тұр. Коронавирустың көкесі енді басталды. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан қалаларында науқастар күрк-күрк жөтеліп, дене қызуы көтеріліп ауруханалардың дәлізінде жатыр. Бұдан былай бұйрық шықты. Егер аурудың белгісі жоқ болса, сынама оң нәтиже бергенімен де науқастар үйде емделеді. Себебі ауруханада орын жоқ. Жалынсаңыз да, ешкім сізді ауруханаға алмайды. Себебі орын жоқ. Сондықтан сақтаныңыз. Жақындарыңызға жанашыр болыңыз», — деді ол.
Тележүргізушінің сөзіне сенгендер де, сенімсіздік танытқандар да бар.
«Коронавирустың көкесі енді келген сияқты ма, қалай өзі? Жақыныңа жанашыр бол! Жандарым сол, неге сонша қырылдыңдар? Мен бұл видеоны өзім жақсы көретін жақындарым үшін салдым. Маған амандықтарың керек. Сенбейтін ел сенбей-ақ қойсын. Сендер сенгеннен басыма мүйіз шықпайды. Маска тағып, алды-артыңды жуып жүр десең де жақпайсың», — деп жазды ол.
«Төтенше жағдай мен карантинді казір керек сияқты ғой, тым өршіп бара жатыр. Бізде керісінше ауру аз кезде бәрін жауып, көбейген де ашып тастады», «Айналайындар, жаратқан сақтансаң сақтаймын деген, сақтанып жүріңдер. Оңай ғой қолды жиі сабындап жуу, қажет болмаса көпшілік орындарға ьармау, барсаң маска тағу деген сияқты. Ауырудан сақтасын Алла тағала», «Сенбей жүрген дүбәралар көп! Саясат деп бөседі шетінен саясаткер, экономист, заңгер боп кеткен», — деді желідегілер.
[:]