[:kz]
Отандық танымал журналист Мақсат Толықбай оңстүстік астанадағы үйлердің бірінде пайда болған қазақ батырының суретіне қатысты пікір білдірді. Ол креативке толы мұралдың сәл дөрекілеу көрінетінін айтып, оны салғандарды сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақсат Толықбай кофе ұстап тұрған батыр бейнеленген суретке қатысты ойын Instagram желісінде барша оқырмандарымен бөліскен.
Журналист аталмыш мұралдың мән-мағынасында дөрекі қателік бар деп есептейтін болып шықты. «Бәсе, өмірі аттың үстінен түспей қалай жүре берген десем, кофенің күші екен ғой… Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы көпқабатты үй. «Несі бар, креатив сурет» дейтін шығарсыз?!
Дегенмен көзге сәл дөрекілеу көрінеді екен. Найзаның ұшымен, көфенің күшімен» , -деп жазды тележүргізуші. Аталмыш жазбаның астында делі қолданушылары нағыз қызу пікірталас ұйымдастырды. Бірі журналисттің пікіріне қосылса, кейбірі мүлдем қарсы шықты.
Еске сала кетейік, қолында кофесі бар қазақ батырының суреті тағы бір журналиске ұнамай қалған болатын. Нұрсейіт Жылқышыбай аталмыш мұралға күйініп, қатты намыстанған. Оның айтуынша, елімізде ұлттық мүддені қорғайтын заңның жоқтығы салдарынан осындай жайттар көбейіп отыр.
Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!
[:]