АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Министр: Дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы мыңдаған дәрі-дәрмек елге әкелінді[:]

[:kz]

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  коронавирус жағдайын байланысты дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы мыңдаған дәрі-дәрмек елге әкелінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Баспасөз коныеренциясында министр халық арасында дәрі-дәрмекке сұраныстың кұрт артқанын жеткізді. Қазіргі таңда министрлік тарапынан бұл мәселе қатаң қадағалауға алынып, қажетті препараттармен халықты қамтамассыз етіп жатырмыз дейді ол. 

 

«Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі туралы ақпараттар халықтың дәріханалардан артығымен дәрі сатып алуына алып келді. Әсіресе дене қызуын түсіретін препараттар. Баса назар аударып айтқым келеді, елімізде дәрі-дәрмек жеткілікті дәрежеде шығарылады, аймақтарда тапшылық жоқ. Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, дәрі-дәрмек тасымалдау, сатып алу жөніндегі мәселелер қаралып, отандық өндірушілер дене қызуын басатын препараттардың үлкен партиясын ұсынып отыр», — дейді Алексей Цой. 

Оған қоса кейбір дәрі-дәрмектердің коронавирусты емдемейтінін айтты министр. Алайда халықтың сол препараттарға сұранысы жоғары екенін жеткізді ол. 

«Сонымен қтар, 70 мың ингавирин мен 149 мың терафлю алып келінді. Олар апта соңына дейін дәріханаларға жеткізіледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл дәрлер коронавирустан емдемейді. Коронавирусты емдейтін дәрі дәрмектерді де толықтырып жатырмыз», — дейді Алексей Цой.

 

[:]