[:kz]
Индонезияның Сурабая қаласының мэрі тізе бүгіп, дәрігерлерден коронавирусқа қатысты жағдай үшін кешірім сұрады.
Бұл оқиға жергілікті әкімшілік басшысы мен медициналық қызметкерлер арасындағы кездесуінде болды.
Три Рисмахарини жергілікті ауруханалар індет кезінде биліктің көмегінсіз қалғанын атап өтті. Осы жағдайды өзгерту мақсатында олдәрігерлердің аяғына жабысты. Дәрігерлер шенеунікті тыныштандыра бастады.
Дәрігерлердің айтуынша, санитарлық ережелерді елемейтін тұрғындардың өздері эпидемиологиялық жағдайдың ушығып жатқандығына кінәлі. Бүгінгі таңда бұл Азия елінде COVID-19-нің 55 мың жағдайы тіркелген.
[:]