[:kz]
Қырғызстанда Жалал-Абад облысы Созақ ауданының соты әйелін жәбірлеген ер адамға екі жыл шартты жаза беріп, оны сот залынан босатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сentralasian.org басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Әділет» адам құқығын қорғау ұйымы 2 шілдеде мәлім етті. Пробациялық бақылау — Қырғызстанның Қылмыс-процессуал кодексіндегі жаңа ереже. Айыпталушыға бірқатар міндет жүктеледі. Оны орындамаса, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетерігі, 12 маусым күні әлеуметтік желілерде Созақ ауданында түсірілген видео тараған.
Ер азамат әйелін байлап, оның мойнына автокөлік дөңгелектері мен кірпіш іліп, ұрып-соққан. Ол аздай үстіне суық су құйып қинаған. Мұның бәрін ол видеоға түсіріп алуды да ұмытпапты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға 8 маусымда болған. 47 жастағы әйел 11 маусымда жұбайының үстінен милицияға арызданыпты.
Облыстың ішкі істер басқармасы зардап шеккен әйел ақыры күйеуін кешіргенін хабарлады, соған қарамастан тергеу амалдары тоқтамаған. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Жаркент қаласында қырықтан асқан ер адам 77 жастағы әжейді өлімші етіп сабағаны туралы жазған едік.
Қосымша ақпараттар zhazirabegaly_tv инстаграм парақшасынан алынды
[:]