[:kz]
Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар әнші Мөлдір Әуелбекова Айша есімді жаңа есімге ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Бұл жаңалықты әлеуметтік желіде өнер иесінің әріптесі Мұхтар Ханзада жария етті. «Мөлдір жеңге, Айша есіміңіз құтты болсын. Ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар», — деді жас әнші.
Аталған жазбаны Мөлдір Әуелбекова да өз парақшасында бөлісіп, «Шаршама қайным» деп алғысын білдірген. Бұны көрген желі оқырмандарының көпшілігі әншіден бұндай қадамға неліктен барғанын сұрады.
Олардың айтуынша, өнер иесіне Мөлдір атты есім қатты жарасады екен. Алайда, пікір білдіргендердің арасында Әуелбекованың шешімін қолдағандар да болды. «Керемет есім», «Өзіңізге жарасып тұр», «Елдің сөзіне мән бермеңіз», «Сіз үшін қуаныштымын» деді олар.
Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелебекованың жанкүйерлері бұған дейін де оның жүктілігін болжаған болатын. Олар елордада кең киіммен серуендеп жүрген әншінің жүрісінен оның аяғы ауыр екенін байқап қалғанын жазған еді.
https://kaz.nur.kz/1864493-belgili-nsi-mldir-uelbekova-esimin-zgertti.html
[:]