АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Осындай масқараның арасында қалай әкім болып отырсың?»: Сандуғаш Тұрлыбекова тағы бір видео жариялады[:]

[:kz]

«Ханның қызысыз ба, жолды неге жаптырдыңыз?» деп Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованы қара терге түсірген Сандуғаш Тұрлыбекова тағы да бір бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сандуғаш Тұрлыбекованың айтуынша, оған бейнежазбаны WhatsApp желісі арқылы біреулер жіберген. Бейнежазбада тәртіп сақшыларының өрескел қылықтары бейнеленген.

«Ал, Гүлшара Әбдіхалықова, енді мынаған не дер екенсің?! 
Мынау Қызылорда қаласында болып жатыр. Левый берегте тұратын қарапайым халықты полиция сүйрелеп жатыр. Анау кішкентай баланы талып қалса да, малша сүйреді. Осындай масқараның арасында қалай әкім болып отырсың? Полиция болса болды, сүйреу керек пе? Егер кінәлі болса, оқиға орнында мал құсатып сала ма?

 

Видеоға қарасаң, бір түсінбеушілік бар. Қызылорда қаласының әкімі Нәлібеав па? Департамент басшысы ма, әлде Ханның қызы Гүлшара ма, кім тапсырма берді екен мына жағдайға? Халық сендерге мал ма сүйрейтін? Мына жердегі оқиғаға жауап беріңдер. Не болып жатыр? Қызылорда халқы ватцаптан жіберді. Нақты жауаптарыңды онлайн күтеміз», — делінген Сандуғаш Тұрлыбекованың facebook парақшасындағы жазбасында
 

 

[:]