АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Беларусьтегі наразылық: Адамдар тағы да көшеге шықты[:]

[:kz]

Беларусьте ұстаулар қайтадын басталды. Полицияның арнайы көліктері Минскінің орталығындағы «Минск — батыр қала» стелласына жиналып жатыр, онда оппозицияның жаңа акциясы өтуі керек еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

РИА Новости хабарлағауынша, оппозицияның жүзге жуық жақтастарының үлкен тобы полиция кордондарынан өте алмай, стелаға жетпеген және Юбилейная қонақ үйінің жанында, стеладан шамамен 400 метр қашықтықта, жиналған.  Бұл жерге ОМОН автобустары және полицияның арнайы көліктері келді.

Қауіпсіздік қызметкерлері қамауға алуды бастады, ұсталғандарға толы  автокөліктер оқиға орнынан кетіп қалды.

Құқық қорғаушылар сонымен бірге Брест пен Гродно қалаларында наразылық білдірушілердң жаппай қамауға алып жатыр.

Telegram-дағы арналардың хабарлауынша, Минскідегі наразылық білдірушілер Пушкинская және Победителей даңғылдарында, сондай-ақ Кальварий және Дзержинский көшелерінде жиналды. Қауіпсіздік күштері аяусыз әрекет етуде. Граната мен газ қолданылып жатыр.

[:]