АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ким Чен Ын күйзелістен арылу үшін қарындасына өкілетін берді[:]

[:kz]

 

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын өз өкілеттіктерінің бір бөлігін ең жақын көмекшілеріне, оның ішінде қарындасы Ким Е Чжонға берді. Ол «күйзелістен арылу»  үшін осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы оңтүстіккореялық «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Кореяның барлау қызметінің хабарламасына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық барлау агенттігі (NIS) Солтүстік Кореяның басшысы әлі де «абсолютті билікке ие» екенін мәлімдеді, бірақ біртіндеп өз өкілеттіктерін қарындасына береді. 

 «Төраға Ким Чен Ын әлі де өзінің толық билігін сақтап қалады, бірақ оның бір бөлігі біртіндеп беріледі. E Чжон іс жүзінде екінші көшбасшы, бірақ әлі мұрагер таңдалмаған», — деді агенттікте.

NIS ақпаратына сәйкес, Ким Е Чжон ағасының өкілеттіктерінің көп бөлігін қабылдады, бірақ ол Ким Чен Ынмен билік бөлісетін жалғыз адам емес. Ким Чен Ынның қарындасы Оңтүстік Корея мен АҚШ-қа қатысты саясат және басқа да жалпы мәселелер үшін жауап берді. 

Мемлекеттік істер жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Пак Понг Джу және жаңа премьер Ким Ток Хун экономикалық секторды бақылауға алды. Қарулы күштерге партияның әскери мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Чхве Пу Ил және партияның Орталық әскери комитеті төрағасының орынбасары Ри Пхенчхоль жауап береді, деп хабарлайды барлау қызметі.

Агенттіктің хабарлауынша, биліктің ауысуы ішінара  «Ким Чен Ынның билігіндегі күйзелістен арылу», сондай-ақ жүргізіліп жатқан саясаттың сәтсіздігі жағдайында оған тағылған кінәні жоюға бағытталған.

Еске салайық, 

15 сәуірде Ким Чен Ын атасы, КХДР негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күнін атап өтетін рәсімге келмеді. Ким Чен Ыннің болмауына байланысты саясаткердің қайтыс болуы немесе ауруы туралы қауесеттер пайда бола бастады. Солтүстік Кореяның көшбасшысы на қатысты өз бетінше тұра алмайды, қалыпты жүре алмайды немесе «вегетативтік күйде» деген болжамдар айтылды.

Алайда, 2 мамырда желіде тыңайтқыш өндіретін зауыттың ашылу салтанатынан кадрлар пайда болды, онда Ким Чен Ын салтанатты түрде лентаны кескен. Ауру туралы қауесеттерге қарамастан суретте КХДР көшбасшысы сау көрінген.

Көп ұзамай КХДР басшыс тағы да жұрт назарынан ғайып болды. Бұл жолы ол араға үш апта салып қайта көпшілік алдына шықты.

[:]