АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Маған ақша берді, мен роль ойнадым»: Қатысушы отандық бағдарламаның өтірігін әшкерелеп берді[:]

[:kz]

 

«Кел, татуласайық» бағдарламасының қатысушысы Дина Түменбаева отандық бағдарламаның бірінің өтірігін әшкереледі. Келісімшартты бұза отырып, басқа бағдарламаға барған кейіпкерді жобадан шығарып жіберді. Ал, Дина өз әрекетін түсіндіріп өтті. 

Бұл туралы «Кел, татуласайық» бағдарламасындай айтылды.

Дина Түменбаева бағдарламаға қатысушы болып келді. Ол сүйіктісімен татуласқысы келетінін айтты. Ғалымжан есімді азаматпен қайта қосылуға көмек сұрады. Ал, аталған бағдарлама талабы бойынша, кейіпкерлердің басқа бағдарламаға баруына рұқсат жоқ. Бағдарлама тізгіншісі Тахир мырза Дина осы талапты бұзды деп айыптады. Ал, Динаның өз айтары бар. 

«Мен «Неке сыры» бағдарламасына бардым. Мені өздері шақырды. Ақша берді. Роль сомдадым. Ол өмірде болған оқиға екен. Мен сол адамның рөлін ойнауым керек болды. «Кел, татуласайық» бағдарламасына келмей тұрып түсірілген бағдарлама. Ол тікелей эфирде өтпейді. Алдын ала түсіріледі. Ақша керек болған соң, бетіме маска киіп, басқа атпен шықтым. Одан басқа да роликтерге, киноларға түсіп жүрмін», — деді ол. 

Алайда Тахир мырзаның айтуынша, ол бағдарлама кейін шыққан. Түсірілімі де жақында болған. Дина тағы да елді алдап отыр деп кінә тақты. 

«Сіз үшін бізге сенбей қалғандар, біздің бағдарламаны өтірік деп ойлағандар көбейді. Сіз өтірік айтып қана қоймай, бәріне күмән келтіріп қойдыңыз», — деді бағдарлама жүргізушісі.

Дина ханым ауру анасымен атын айтып, ақталғысы келсе де, оны студиядан шығарып жіберді. 

Ал, бағдарлама көрермендері оны айуан деп сөкті. 

«Біздің өзімізге мал екенсіңдер деп кетті. 9 бала туған менің өзіме малсың деп отыр. Айуан екен. Адам емес. Бетіне түкірдім», — деді бағдарлама қатысушсы Жүзімкүл апай. 

Желідегі оқырмандар да әр түрлі пікір жазуда. Олар екі бағдарламаның да ойдан құрастырылғанын, адамдар роль сомдайтынын айтып жатыр. 

 

[:]