АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Еуроодақ қазақстандық авиакомпанияға қарсы санкциялар енгізді[:]

[:kz]

Еуропалық Одақ жүктерді тасымалдауға маманданған қазақстандық Sigma Airlines авиакомпаниясына эмбаргоның талаптарын бұза отырып, Ливияға қару-жарақ жеткізгені үшін санкциялар енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна тілшілері жекеменшік авиакомпания өкілдерімен кездесуге тырысты, бірақ түсірілім тобын кеңседен шығарып жіберді.

«Болды. Сау болыңыз! Осы жерден шығыңыз!», — деді тасымалдаушының өкілі.

«Аталған пайдаланушылардың әуе кемелерінің меншік иелері БАӘ-де, Британ Виргин аралдарында тіркелген шетелдік компаниялар болып табылады. Кемелер Таяу Шығыс аймағында да шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылды. Негізгі базасы БАӘ болды», — деп түсіндірді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтепов.

Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Sigma Airlines қару-жарақты Ливияға жеткізетінін, осылайша халықаралық ұйымның тыйым салуын бұзатынын мәлімдеді. Қазір компанияның рейстері тоқтатылды.

Енді қазақстандық құқық қорғау органдары мен Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері заңсыз жеткізілімдердің қалай жүзеге асырылғанын анықтауы керек.

«Бұл жағдайда Қазақстан үкіметі мен басшылығының аталған процеске еш қатысы жоқ. Ал қастандықтың қандай да бір нұсқаларын іздеу мүлдем мағынасыз. Бұл жай ғана коммерциялық компания, шамасы, өте пайдалы коммерциялық тапсырыстарды орындаған. Халықаралық құқық тұрғысынан алғанда, бұл қарапайым оқиға, ол ұлттық деңгейде тиімді шешілед», — дейді саясаттанушы Рустам Бурнашев.

Сонымен қатар, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс Atameken Business телеарнасына қазақстандық авиатасымалдаушының кінәсі туралы дәлелдер жоқ екенін мәлімдеді.

«Үш ай ішінде тергеу жүргізіледі. Оның нәтижелеріне сүйене отырып, біз шешім қабылдаймыз. Егер Sigma Airlines кінәсі дәлелденсе, компания жабылады», — деді ол.

[:]