АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жолдасы — мұнайшы»: Аша Матайдың жазбасы ел арасында қызу талқыға түсті [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші әрі актриса Аша Матай желіде ерекше жазбамен бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысына қалды. Болашағын болжап көрмек болған өнер иесі елден оңбай сөз естіді.

Желідегілер оның ақыр-соңы ажырасып, енді тағы да тұрмысқа шығуға құлықты екенін жарыса айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Аша Матайдың қалың көпшілік арасында қызу талқыға қалуына оның желідегі жазбасы себепкер болған.

Тележүргізуші Instagram парақшасында болашақты болжайтын қосымшадан шыққан нәтижесімен бөліскен. Онда өнер иесі әншілік жолына бет бұрып, мұнайшы азаматқа тұрмысқа шығып, Америка Құрама Штаттарына көшіп кететіні жазылған. Оған қоса, ол екі баламен тоқтайтыны мен табысы 200 миллион болатыны келтірілген.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Прогноз будущего?!😮😋😁 #GoodNight #SweetDreams #AshaMatai #LoveMyLife

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

Желідегілер Аша Матайдың бұл қылығына әлі де аса қатты таңғалуда. Олар ажырасып кеткенін ресми түрде растамаған шоу-бизнес жұлдызының басқа күйеу туралы жазғаны артық болғанын ескертті. «Демек басқа байға тиесіз ғой» , «Мұнайшыға тұрмысқа шығып, АҚШ-қа көшіп кетесіз» , «Бақытты болыңыз, бағыңыз ашылып кетсін» , «Көбісінде алғашқы жолдасы соңғы емес. Сол себепті, күйеулер ойланып қойыңыздар» , «Ажырасқанын ресми растамады да ғой. Өзі болса, екінші жолдасы кім боларын біле алмай әлек болып жүргені қызық екен» , Сонымен, басқа күйеу іздеуге кіріскен ба? Арманмен ажырасып тынды ма» , — деп жазды халық. 

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның махаббаттан басы айналып жүргенін жазған болатынбыз. Әнші ару қазіргі уақытта жаны ән салып, жүрегі алып ұшып тұрғанын айтты. 

 

 

[:]