АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Биыл қатаң шектеу шараларын енгізбеуіміз керек — Тоқаев[:]

[:kz]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте шектеу шараларына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бизнес пен азаматтар жағдайдың дамуы санитарлық-профилактикалық шаралардың қатаң сақталуына байланысты болатынын түсінуі керек. Шынайы және оптимистік сценарий бойынша, біз биылғы жылы қатаң шектеу шараларын енгізбеуіміз керек. Біз бірге пандемиямен күресуіміз керек. Үкімет пен облыс әкімдері менің барлық тапсырмаларымның қатаң орындалуын қамтамасыз етеді», — дейді Тоқаев.

 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы халық болып пандемияға қарсы тұруға шақырды.

«Қазір әлемдегі жағдай күрделі. Тіпті, кейбір аймақтардағы ахуал ушыға түсті. Бұл жағдай, әрине, бізді де алаңдатады. Барлығымыз ел ішінде және айналамызда тұрақтылық болғанын қалаймыз. Сондықтан әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Елдің береке-бірлігі мен амандығы бәрінен қымбат. Әсіресе, бұл қазіргідей кезеңде өте маңызды. Әлемді жайлаған пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бірақ бұл жұмыс бүкіл ел болып, жұмыла білсек қана өз нәтижесін береді», — дейді мемлекет басшысы.

[:]