АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нью-Йорктегі қазақ-полицей «Борат-2»-ге қарсы митингке шықты (видео) [:]

[:kz]

 

Нью-Йорктегі қазақ-полицей Димаш Ниязов америкалық мегаполистің орталығында бейбіт митинг ұйымдастырды. Оған қатысушылар атышулы «Борат» фильмінің екінші бөліміне қарсы шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атышулы фильмге қарсы митинг Нью-Йорктегі тұрғындар ең көп жүретін көшелердің бірі — әйгілі Таймс-Скверде өтті.

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Казахстанец @abzallesbekov, проживающий в Нью-Йорке, показал кадры протеста наших соотечественников против фильма «Борат». ⠀ На главную площадь города пришли казахстанцы, а также американский полицейский казахского происхождения Димаш Ниязов. Они вышли с плакатами и флагами Казахстана для того, чтобы общество обратило внимание. ⠀ По словам многих казахстанцев, проживающих за пределами страны, фильм «Борат» сильно бьёт по репутации Казахстана. Это отражается на том, как иностранцы воспринимают наших людей, ведь есть те, кто верят фильму. ⠀ Напомним, скоро в свет выйдет вторая часть «Бората». Он выйдет в сети, поэтому запретить фильм не могут.

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Іс-шараны белгілі қазақстандық полицей Димаш Ниязов ұйымдастырды. Ол наразылық білдірушілер қатарында тұрды. Тәртіп сақшысы Instagram-дағы жеке парақшасында іс-шарадан фотосуреттер жариялады. «Елде көптеген проблемалар барын түсінемін. Әр елдің өз проблемасы бар. Бірақ біз оларды біртіндеп шешетін боламыз», — деді құқық қорғау органының қызметкері жазбасында.

Полицей жария еткен суреттерден Нью-Йоркте тұратын басқа отандастардың Ниязовты қолдауға келіп, Қазақстанның плакаттары мен жалауларын ұстап тұрғаны байқалады.

 «Өтіп бара жатқан көп адам бастапқыда не болып жатқанын түсінбеді. Олар бұл жай кино деп ойлады, бірақ олар неге қарсы шығып жатқанымызды түсінбеді.

Көбі келіп, сұрап, суретке түсіп жатты, біз оларға бұл фильм біздің елімізді, мәдениетімізді халқымызды төмен етіп көрсеткенін түсіндірдік. Олар «Борат» фейк екенін түсініп, бізді қолдады. Жалпы митинг позитив әсер қалдырды деп ойлаймын», — деді басылымға полиция қызметкері.

Нью-Йорктегі тағы бір қазақстандық Абзал Жаңабай митингті видеоға түсіріп алды. Бейнежазбада митингке қатысушылардың бірі өзімен бірге домбыра алып келгені және наразылық кезінде қазақ халқының ұлттық музыкасын орындағаны байқалады.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Ниязов АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты қолдайтынын білдіріп, алдағы сайлауда оған дауыс беруге шақырған болатын.

Сонымен қатар, «Борат» фильмінің жалғасы жарияланғаннан кейін көп ұзамай қазақстандықтар бұл жаңалыққа ашуланып, фильмді болдырмау үшін интернетте #cancelborat хэштегін іске қосқан еді. Одан бөлек, америкалықтар дебат басталмай тұрып Дональд Трампты жеңіспен құттықтап қойған «Қазақстан үкіметіне» таң болғанын жазған едік. Кейін бұл құттықтауды шын мәнінде Қазақстан үкіметі емес, «Борат» фильмінің актері жолдағаны анықталған.

kaz.nur.kz

[:]