АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Талдықорғанда жезөкше жігіттерге жеңгетай болған монша әкімшісі ұсталды[:]

[:kz]

 

Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей бергені анықталды.

Талдықорғанда интимдік қызметтер көрсетуге жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы облысының ПД Криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының монша кешендерінің бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

 Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тіркелді. 

Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей бергені анықталды. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

[:]