АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ажырасып кеткен ба»: Динара Қырықбаеваның жазбасы елді алаңдатты [:]

[:kz]

Қазақстандық шоу-бизнес өкілі Динара Қырықбаева желіде әсерлі жазбалар жариялап, барша оқырмандарын алаңдатып қойды. Оның үстіне өнер иесі жолдасымен түскен барлық суреттерін өшіріп тастап, ел уайымын одан бетер күшейте түсті. Көпшілік әншінің күйеуімен ажырасып кеткенін болжай бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 </p

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мен ҚАРСЫМЫН ❌ ⠀ Жазбаны соңына дейін оқыңыздаршы, мен үшін сіздердің ойларыңыз маңызды🙌🏻 ⠀ Әңгімелесейік… ⠀ Қалайсыздар? Аналар жалпы әйелдер қауымы🙌🏻 ⠀ Кейде маған ұйықтарда ой келеді. Мен осы не істеп жүрмін? Шынымен бақыттымын ба? Өмірді дұрыс сүріп келе жатырмын ба?- деген ойлар мазалайды. Әрқайсыңыз осы туралы ойлайтыныңызды білемін. Әңгіме мынада: Статистикалық мәліметке сүйенсек тұрмыста бақытсыз әйелдер көп. Күйеуінен таяқ жеп жатса да олар айтпайды. Мен әйел адамның ондай қорлық көруіне өз жеке басым қарсымын. ⠀ Осы туралы сөйлесейікші. Комментарийға ойларыңызды жаза кетсеңіздер. ⠀ #ДинараҚырықбаева #бақыттыана

Публикация от Динара Қырықбаева |Бақытты ана (@kyrykbayeva)

>

Динара Қырықбаева өзінің Instagram парақшасында ер адамдардың әйелдеріне қол көтеру тақырыбына қатысты жазбаларды жиі жариялайтын болған. Оның үстіне өнер иесі оқырмандарымен отбасы мәселелерін жиі талқылай бастады.

«Кейде маған ұйықтарда ой келеді. Мен осы не істеп жүрмін? Шынымен бақыттымын ба? Өмірді дұрыс сүріп келе жатырмын ба?- деген ойлар мазалайды. Әрқайсыңыз осы туралы ойлайтыныңызды білемін. Статистикалық мәліметке сүйенсек тұрмыста бақытсыз әйелдер көп. Күйеуінен таяқ жеп жатса да олар айтпайды. Мен әйел адамның ондай қорлық көруіне өз жеке басым қарсымын. Осы туралы сөйлесейікші» , — деп жазды ол бір жазбасында.

Оған қоса, әнші жас қыздарға тұрмысқа шықпас бұрын, қателікке бой алдырмас үшін өз таңдауына қатысты қатты ойлануға шақырды. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әңгімелесейік… ⠀ Қалайсыздар? Аналар жалпы әйелдер қауымы🙌🏻 ⠀ Алдыңғы посттардағы менің әйел тағдыры жайлы қозғаған әңгімем үлкен талас тудырған екен. Әйел расымен де, қырық шырақты екен. Көп әйелдер отбасының бақыты деп өзін құрбандыққа шалып жатады. Бұл құрбандық шынымен де соған тұра ма осы туралы ойланыңыздаршы. Директке келген хаттарды оқыдым көбі айтуға ұялады. Отбасымның шырқын бұзғым келмейді деп айтады. ⠀ Дұрыс түсініңіздер! Мен біреудің отбасына кірісіп, ажырасыңыздар деп отырғам жоқ. Тек бұның дұрыс еместігін айтқым келеді. ⠀ Қыздар тұрмыс құрмас бұрын ойланыңыздар. Себебі, сіз ол адаммен өміріңіздің соңына дейін боласыздар. Ол қандай адам. Мені шын құрметтейді ме, ал мен ше?-деген сұрақтарға ойланыңыздар. ⠀ Осы туралы сөйлесейікші. Комментарийға ойларыңызды жаза кетсеңіздер. ⠀ Алдағы уақытта әйел бақыты туралы пост салып отырамын🙌🏻 ⠀ #ДинараҚырықбаева #бақыттыана

Публикация от Динара Қырықбаева |Бақытты ана (@kyrykbayeva)

Отбасылы Қырықбаеваның мұндай тақырыптарды қозғап жүргені желі қолданушыларына бір түрлі көрініп, олар шоу-бизнес өкілінің ажырасып кеткенін болжады. Көпшіліктің бұл пайымына әншінің жолдасымен түскен бар фотосын өшіріп тастағаны «отқа май құйғандай» болды.

Алайда, «Paparazzi» бағдарламасында Динара Қырықбаева бұл сұраққа «бәрі жақсы» деп жауап беріп, құтылып кетті. Әншінің асығыстығынан оның отбасы мәселесі жайлы ашылып айтқысы келмегенін байқауға болады.

 

kaz.nur.kz/

[:]