АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Тазабектікі «таза» саясат, уақытша «маневр» ғана» — Арман Сқабылұлы[:]

[:kz]

 

Осыдан он жыл бұрын «Хабарда» жап-жақсы жұмыс істеп жүрген, болашағы бар, кілең талантты бір топ шәкіртімнің санасын улап (өзінің миссионерлерінің қолымен), «зомбиға» айналдырып, жетектеп кетіп еді.

Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Арман Сқабылұлы да адасып қайта оралған Мұхамеджан Тазабековтің сенсациялық мәлімдемесіне қатысты өз пікірін білдірген екен. Журналистің ойынша, Тазабектің бұл сөзі таза саясат, уақытша «маневр» ғана. Ұзамай әдеттегі қылығына қайта басады. 

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазған деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мұхамеджан Тазабек адасқанын мойындап, пәтуаға келді деп жатыр. Жөн-ақ! Сенуге тырысайық. Тек менің оған қояр бір сауалым бар. Осыдан он жыл бұрын «Хабарда» жап-жақсы жұмыс істеп жүрген, болашағы бар, кілең талантты бір топ шәкіртімнің санасын улап (өзінің миссионерлерінің қолымен), «зомбиға» айналдырып, жетектеп кетіп еді. Арасында жақын достарым да, алдымды кесіп өтпейтін қарындастарым да бар болатын…

Оларды тоқтатуға тырыстық. Әрқайсымен жеке-жеке сөйлесіп те көрдік. Журналист ешқандай ағымда болмау керек дедік. Тазабектердің уағызы біздің ақылымыздан күшті болған болу керек, тыңдамады. Жігіттер ешкі сақалдарын өсірді, қыздар беттерін бүркеді. Кетті! «Асыл арнаға»! 

Мұхамеджан дәстүрлі дінге қайта оралса мен айтып отырған жігіттер мен қыздар да адасқандарын түсініп, жаңа жолға түсе ме?

Қайдам! Ол үшін енді олардың миларын ауыстыру керек шығар? Тазабектікі «таза» саясат, уақытша «маневр» деп ойлаймын. Ал, ана балалар қайтпек? Олар да жаздық, жаңылдық дей ме? 

«Адасып қайта оралған ұл» осыған жауап берсінші!», деп жазады ол өзінің facebook парақшасында.
 

 

[:]