[:kz]
24 желтоқсан күні Қарғалы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Надежда Заглядова, Еркін Елеуов, Саясат Спан және Аманжол Шапағат Велихов ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқаратын болады. «Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек» және т.б. мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен жыл сайын кемінде 670 жаңа жұмыс орнын құруға, жыл сайын бос жұмыс орындарына кемінде 900 адам жұмысқа орналастыруға, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жыл сайын (1 жылдан астам) кемінде 30 адамды және қысқа мерзімді оқыту (3 айға дейін) кемінде 35 адамды кәсіптік оқытуға сайлауалды бағдарламасында негізге алынғаны жөнінде С.Саясат айтып өтті. Сонымен қатар бизнесті несиелеу тетіктерін пайдалануды кеңейтуге, 5 жыл ішінде ШОБ-тің кемінде 4 жаңа нысанын ашу үшін кемінде 3 жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, кемінде 3 жобаның жетіспейтін кепілдіктігін қамтамасыз ету бойынша кепілдік беру мен 2 жобаны гранттық қаржыландыру жоспарланған.
«Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін жыл сайын кемінде 50 грант пен микрокредит бөлуге, жаңа өткізу нарықтарын іздеу, оның ішінде Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері арқылы шағын және орта бизнесті дамыту мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несиелеудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру «Nur Otan» партиясының негізгі мақсаттарының бірі болып есептеледі.» — деді Ш.Аманжол.
Айтулы кездесуде Е.Елеуов партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін алға тартып, «Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізетінін әрі аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатынын жеткізді. Еркін пікір, ашық әңгіме арасында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.
«Партия білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруды көздеп отыр. Әсіресе азаматтардың денсаулығын сақтау басты міндеттердің бірі болып табылады.», — деді партияның бағдарламасымен таныстырған үміткер Надежда Заглядова.
Шара барысында үміткерлер сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып, үгіт материалдарын таратты. Өз кезегінде ауыл тұрғындары партияның игі бастамаларына қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.
Үміткерлер үгіт парақшаларын таратып, сайлаушылардан қолдау күтетіндіктерін айтты.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыс Қарғалы
ауданының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.
[:]