[:kz]
«Nur Otan» партиясынан Отырар аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Аралбай Асан Темір ауылындағы көпбалалы отбасылардың шаңырағында болып, канвассинг кездесу өткізді. Тұрғындарға еліміздегі саяси жетекші партияның сайлауалды бағдарамасының басым бағыттарын айтып, түсіндірді. Әңгіме барысында азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесі айтылып, аталған мәселеде «Nur Otan» партиясының алда атқарылар міндеттері баяндалды.
Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту арқылы олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және баспана алу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды. Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды. Ауданда 1 311 адам тұрғын үй кезегінде тұр. 2025 жылы тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін жылына 1 адамға шаққанда 16,8 ш. м.-ден 18,8 ш. метрге жеткіземіз деген жоспар бар.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдар аралығында Мыңшұқыр ауылында Әл-Фараби мөлтекауданында 18 пәтерлі көпқабатты 12 тұрғын үйдің құрылысын, ауылдарда 88,8 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге, Көкмардан ауылындағы 135, Шәуілдір ауылындағы Қызыл Түркістан аумағына 135, Темір ауылындағы 308 жер учаскелеріне жаңа тұрғын үй алабының инженерлік-коммуникациялық жүйелер құрылысын жүргізуге ықпал ететін болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрғын үймен 216 отбасы қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Кездесу соңында тұрғындар үміткерге сәттілік тілеп, партия тарапына алғысын білдірді.
[:]