АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9%-ҒА ТӨМЕНДЕЙДІ[:]

[:kz]

«Nur Otan» партиясының негізгі бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Бұл туралы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ұлан Әбдірахимов пен Төребек Дайрабаев Ш.Қалдаяқов ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде сөз етті.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының экономикалық тұрақты аудан құру бағытына тоқталған кандидаттар сайлаушыларды «Nur Otan»-ды қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Отырар ауданының шекаралас орналасуы мен артықшылықтарын пайдаланатын болады. Бұл үшін партия балық өңдеу бағытында жылына 10 млн. шабақ өсіру, 12 мың тонна бақша өнімдерін қайта өңдеу, тәулігіне 2 тонна құрама жем шығару, жылына 1000 бас ірі қара етін және жүн-тері өңдеу бағытында 5 жобаны іске қосуға, күн электр станцияларын салу бойынша 2 инвестициялық жобаны (қуаттылығы 50 мвт. және 100 мвт.) іске қосуға, биоэтанол өнімін өндіру зауытының (қуаттылығы 50 мың тонна) құрылысына, 100 бастық мал бордақылау алаңының құрылысына, 100 бастық түйе шаруашылық фермасының құрылысына ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауданымызда 5,5 мың жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға төмендейді, орташа айлық жалақы 180 мың теңгеге дейін көтерілетін болады.

[:]