АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мақсат Толықбай үндеу жасады [:]

[:kz]

 

«Адал» партиясының мүшесі, белгілі журналист Мақсат Толықбай сайлауға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, партия жұмысын тоқтатпайды. Келесі сайлауға дейін нәтижелі жұмыс атқармақ. 

Мақсат Толықбай желі арқылы видео үндеу жариялады. «ADAL» партиясына дауыс бергендерге алғыс айта отырып, алдағы жоспарларын айтты. 

 

«Біздің партия 27 күнде 360 мың адам жинады. Бес жылда 2 млн адамға дейін мүше болады деп сенемін. Бізге үш-ақ нәрсе жетіспей қалды. Ол жұмсақ кресло, тегін баспана мен миллиондаған жалақы. Бірақ олсыз-ақ жоспарлаған жұмысты атқара береміз. Бес жылға дейін нәтиже көрсетпекпіз. Желіде хат жазып, дауыс бергендерін айтқан жұрт көп. Бәріне алғысымды білдіргім келеді. Бұл басы ғана. Өзім де қазір 30-жастамын. Енді бір 10 жыл, 20 жыл, тіпті 30 жылда партиямыз нәтижеге жетер. Мен ешкімді жеңісімен құттықтаған жоқпын. Мен әлі де берілген жоқпын. Сайлауда өтпедік екен деп орта жолда бәрін тастап кетпейміз. Біз халық үшін еңбек ете береміз», — деді Мақсат Толықбай. 

Толықбайдың айтуынша, партия атынан оқу орындарымен келісіп, ауыл жастарына тегін грант беру мәселесін қолға алмақ. Одан бөлек жоспарлы істерді атқармақ. 

 

 


 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақсат Толықбай (@maksattolykbai)

«Менің де митингіге шығу ойымда болды. Бірақ бір саясаттанушы ағам хабарласып, екі сағат сөйлестік. Ол кісінің айтқаны сіздердің де көңілдеріңізге қонар деп ойлаймын. «Сен саясатқа енді келіп жатырсың. Әлі небір нәрсе көресің. Митингіге шыққанша, нәтижелі жұмыс көрсет. Сайлауда жеңген үш партиядан артық жұмыс істе. Бес жылда халыққа не істей алатындарыңды көрсетіңдер. Солай ғана дәлелдеуге болады» деді. Митингіге шықсам, артымнан атойлап екі мың адам жүрер. Сосын тарқаймыз. Не бітіреміз? Соны ойладым. Шындығында басымызда баспанамыз бар. Креслосыз-ақ жұмыс істей аламыз. Жалақысыз да нәтиже көрсетеміз», — деді ол. 

Мақсат Толықбай өзін салафит, Болат Назарбаевтан үй алған деп сөккендерге жауап берді. 

«Қазақ бірін бірі аяқтан шалуды қойса екен. Желіде пікір жазып отыра бергенше, іске көшейік. Мақсат салафит, Болат Назарбаевтан үй алған, Әблязовтың адамы, ананың жобасы, мынаның қолшоқпары деген қауесетті қойсаңыздар екен. 1937 жылы қазақты атқан да, сатқан да қазақ еді. Қазақтың жауы қазақ қана. Бұлай жүрсек, ешқашан бірікпейміз. Керісінше қолдаңыздар», — деді партия мүшесі.

Саясаттанушылар «Ауыл» және «Адал» партияларының мәжіліске өтуіне барлық мүмкіндігі болды деп есептейді. Тіпті «Адал» партиясын «Ақ жолдың» орнын алады деп болжаған. Бірақ барлық күш-жігеріне қарамастан, бұл партиялар жеткілікті дауыс жинай алмады.

Сайлау нәтижесі бойынша «Nur Otan», «Ақ жол» және «Қазақстанның Халық партиясы» парламент мәжілісіне жолдама алды. «ADAL» саяси партиясы 3,07 пайыз жинады.

[:]