[:kz]
Зейнетақы жинағымның шекті мөлшерінен асқан әрі одан табыс салығын шегергенде қалатын сома — 3 200 000 ₸. Былай қомақты сияқты…Салып ұрып «Отбасы» банкіне барайын. Кеңесші қуана, қуана түсіндірді:
1. Осы банктен арнайы шот ашасыз (мобильді қосымша арқылы, Е-говта болсаңыз, ЭЦП арқылы жылдам екен. Бұл бұрынғы депозиттен басқа, ЕНПФтен ақша аударуға арналған шот, ол 45 күнге (шартты түрде, сомаға орай мерзімде басқа болады-ау) ашылады. Егер 2 ай мерзімде ақшаны мақсатты жұмсау тұралы дәйекті құжатты жинап үлгермесең немесе басқа да форс-мажор ситуация болса ақша қорға қайтарылады.)
2. Сатып алатын тұрғын үйдің толық құжатын немесе бұған дейін ипотекаға рәсімделген баспананың тиісті қағазын ұсынасыз. Банк оларды зерделеп, зейнетақы жинағын бастапқы жарна ретінде немесе ипотеканың бір бөлігін яки, толық сомасын жабуға болатыны туралы шешім қабылдайды. Үйдің техникалық жағдайы, бірінші,екінші нарықтағы қолданысы, т.б. нәрселер ескеріледі.
3. Бұған дейін «Отбасы» банкінде салым болмағандықтан олар менің 3 200 000 ₸ жинағымды бастапқы жарна ретінде қабылдаған күннің өзінде, банк бөлетін қалған соманы 3 жыл бойына 8,5-9% шамасында береді екен. Үш жылдан соң 7,5 %.
4. Шарт бойынша сатып алатын үй құнының 50 % жинауым керек қой, бұ жағдайда менің бар ақшам 3 200 000 теңге ғана. Демек мен 6 400 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға құқылымын. Немесе қажетті соманы өзім қосуым керек. Ал нарықтағы адам сияқты жатып, тұруға ыңғайлы 40 шаршы метр баспананың құны, ең арзаны — 13 000 млн ₸. Сонда мен зейнетақы жинағынан бөлек, қажетті 10 млн теңгені қайдан табамын…
5. Үй алған жағдайда, банк, якобы, қарызға берген несиенің айлық төлемі… оның көлемі мен мерзіміне қарай есептегенде ғой, 60 000 ₸ мен 250 000 ₸ арасында болады екен.
6. 3 200 000 ₸, ой, 6 400 000 теңгеге астана мен Алматыдан пәтер (!) сатпайсыздар ма)))
Әшейін әпігі басылған адамның жазбасы деп оқыңыз)
Қалмаханбет Мұқаметқали
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]