[:kz]
Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко желіде сүйіктісінің көлігін көрсетемін деп ел арасында қызу талқы тудырды. Желідегілер оның бұл әрекетіне қатысты екі түрлі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ. Анна Данченко Instagram парақшасында «Mercedes Gelandewagen» маркалы көліктің қасында тұрған суретін жариялап, өзінің қай уақыттан бері авто жүргізетінін айтып берді.
Алайда, ақпарат өкілі бірден фотодағы қымбат темір тұлпардың өзінікі емес екенін айтты. Белгілі болғандай, неміс автокөлігі журналистің сүйіктісіне тиесілі.
«Менің алғашқы автокөлігім ақ түсті ВАЗ 2107 болған. Механика. “Автошкола”- да оқыған кезде үш ай бойы теория мен практиканы өтетінбіз. Кешке — дәріс, таңертең — көлікті жүргізу. “Автомат емес, механика жүргіземін” дегенде ағайым таң қалатын, ал маған, керісінше қатты ұнайтын еді.
Бір күні Ақтөбедегі әуежайға баратын болдық. “Айналымда кім кімге жол береді” дегендей. Бардық. Жақсы айдап келе жатсам, жанымнан ырылдап камаз өтті. Қатты қорқып, тормозға басып қалып едім. Ағайым баспен соқты. Әрі қарай ол кісі не дегенін айтпай-ақ қояйын. Ештеңе етпес, одан да өттік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазір, шүкір, 14 жыл стаж бар. Ал, Сіздерге Қандай маркалы темір тұлпарлар ұнайды? Мен мемлекеттік нөмерімді айтпай-ақ қояйын, бірақ ақша жинап «ANN» әріптерін сатып алдым. Суреттегі көлік менікі емес. Ер азаматымның көлігі. Менікі басқа» , — деп жазды Анна Данченко. Желі қолданушылары бірден тележүргізушінің бұл фотосын қызу талқыға салып тастады. Бірі оған тәнті болса, енді бірі оны сүйіктісінің қымбат көлігімен мақтанды деп сынға алды.
[:]